Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе облысында жүк көлігі аударылып, жүргізушісі көз жұмды

Ақтөбе облысында астық тиелген көлік аударылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

4 қыркүйекте “Ақтөбе – Орск” автожолының 62 шақырымында, Қосыстек кентінің маңында, “Маз” жүк автомашинасының (астықпен тиелген) 45 жастағы жүргізуші, Бадамша кенті жағынан Ақтөбе қаласы бағытында келе жатып, қозғалыс үшін кедергі мен қауіп туындаған кезде көлік құралының толық тоқтауына дейін жылдамдықты төмендету шараларын қолданбаған, рульдік басқаруын атқара алмай, көлік құралының қозғалыс бағыты бойынша автожолдың жүру бөлігінде аударылып кетуіне жол берген.

ЖКО салдарынан автокөлік жүргізушісі алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру