Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

«Оқуға түсіріп беремін»: Ақтөбеде алаяқ сенгіш тұрғынның 1,3 млн теңгесін иеленіп кетті

Ақтөбеде алаяқ сенгіш тұрғынның 1,3 млн теңгесін иеленіп кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ағымдағы жылдың 29 қыркүйегінде Ақтөбе қаласының 40 жастағы тұрғыны полицияға алаяқтықтың құрбаны болғаны туралы арызданды.

Өтініш берушінің айтуынша, ағымдағы жылдың 2 шілдесінде ол қаланың ескі бөлігінде орналасқан дәмханада алдын ала келісім бойынша бейтаныс әйелмен кездесті. Күдікті қала университеттерінің біріне «ақысыз бөлімге» түсуге жәрдемдесетінін айтып, көрсетілген қызмет үшін 1 300 000 теңге көлемінде сыйақы алды.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері күдіктінің жеке басын анықтады, ол Ақтөбе қаласының 44 жастағы тұрғыны болып шықты. Қазіргі уақытта аталған факті негізінде ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 1-бөлігі (Алаяқтық) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Құрметті азаматтар! Ақтөбе облысының Полиция департаменті алаяқтықтың жиілеп кеткені туралы ескертеді. Бейтаныс адамдармен күмәнді мәмілелер жасамауды сұраймыз. Сақ болыңыз, алаяқтардың арбауына түспеңіз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру