Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Автобус” іс-шарасы: Шымкентте 321 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды

Шымкентте “Автобус” жедел алдын алу іс-шарасы жалғасуда, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкент ҚПД ЖПҚБ Патрульдік полиция полкінің қызметкерлерімен 4 қазаннан бастап “Автобус” жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр. Мақсаты – қала аумағында жол-көлік оқиғаларының алдын алу.

Шымкент қаласы бойынша іс-шараның екінші күнінде 321 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды.

Іс-шара өткізу кезеңінде Шымкент қаласы бойынша Көліктік бақылау инспекциясы, Шымкент қаласы Әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы, Көлік прокуратурасы қызметкерлерімен бірлескен мобильдік топтар құрылып, Патрульдік полиция полкінің автоэкипаждарымен жолаушылар тасымалымен айналысатын автокөліктер тексерілді.

Рейдке шыққан жол инспекторлары жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзғандарды: маневр ережесін бұзған – 24, ұялы телефон пайдаланған – 84, техникалық байқаудан өтпеген – 24 тұлғаға хаттама толтырды. Шығарындыларда ластаушы заттардың болуы нормативтен асып кету – 36, жолаушыларды, багажды және заттарды тасымалдау ережесін бұзған – 11, тиісті рұқсатсыз қайта жабдықталған көлік құралын басқарған – 36 жүргізуші анықталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру