Орал колониясының қызметкерлері балалар үйіне қайырымдылық көмек көрсетті
Орал колониясының қызметкерлері балалар үйіне барды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
БҚО бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қызметкерлері РУ-170/3 мекемесімен бірлесіп балалар үйіне көмек көрсетті. Мекеме қызметкерлері 5 жыл бойы қамқорлықта жүрген «Мейірім» балалар үйінің тәрбиеленушілерін назардан тыс қалдырмады.
Қызметкерлердің бастамасы бойынша бірінші кезекте қажетті заттар: памперстер, майлықтар және де басқа да қажетті заттар сатып алынды. Сондай-ақ, қызметкерлер балалар үшін тосынсыйлар дайындап, жұмсақ және ойлау қабілетін дамытатын ойыншықтар сыйлады.
– Балалар – біздің болашағымыз. Біздің еліміздің гүлденуі оларға байланысты. Балалардың айналасы қамқорға толып болып, жақсы оқып, республиканың үлгілі азаматтары болсын. Ал біз өз тарапымыздан сіздерге жан-жақты көмек көрсетеміз, – деді кадр саясаты тобының аға инспекторы Эльмира Ильясова.