Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Орал тұрғыны кептірілген марихуанамен ұсталды

Полиция қызметкерлері Орал тұрғынынан белгілі бір иісі бар сұр-жасыл түсті заттың 28 пакетін тауып, тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Орал қаласының Жайық өзенінің маңындағы орман алқабында 26 жастағы азамат ұсталды. Оны тексеру кезінде сұр-жасыл түсті, ерекше иісі бар заты бар 28 целлофан “зип” пакеттері, сондай-ақ орман алқабында тексеру кезінде сұр-жасыл түсті, ерекше иісті заттары бар төрт полиэтилен пакет табылып, тәркіленді.

Тәркіленгендер сараптамаға жіберіліп, кептірілген марихуана екені анықталды.

Қазіргі уақытта ҚР ҚК-нің 296-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру