Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Оралда дүкен ұрысы ұсталды

Оралда дүкен ұрысы ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz

Орал тұрғыны қала орталығындағы азық-түлік дүкендерінен Merci шоколадын ұрламақ болған. Оның бұл әрекеті бейнекамераға түсіп қалған.

Күдікті құйтырқы әрекетін жүзеге асырмақ ниетте М. Мәметова көшесіндегі супермаркетте шоколадтың 10 данасын бірден ұрлап, оқиға орнына тайып тұрмақ болған. Сатушы оның бұл әрекетін байқап, артынан барған кезде күдікті қарсыласып тұрғанда конфеттер тротуардың жанына түсіп қалған. Оның тарапынан келтірілген шығын көлемі 26 мың теңгені құрады.

Сондай-ақ Есенжанов көшесіндегі дүкендердің бірінде Merсі шоколадының екі данасын ұрлап, дүкен иесіне 7920 теңге көлемінде шығын келтірген.

Қазіргі уақытта ҚР ҚК-нің 187-бабының 1-бөлігі (Ұсақ-түйек жымқыру) және 191-бабының 1-бөлігі (Тонау) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру