Оралда полицейлер атыраулық гастролер-ұрыларды ұстады
Оралда ақша мен алтын бұйымдарды ұрлаған атыраулық гастролер-ұрылар ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Олардың тарапынан келтірілген шығын көлемі төрт миллион теңгеге жуық ақшаны құрады. Қазіргі уақытта екі эпизод бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
24 және 25 жастағы екі жігіт Деркөл ауылындағы үйдің пластикалық терезесін сындырып кіріп, 30 жастағы азаматшаға тиесілі бір миллион теңге мен алтын бұйымдарды, ноутбукты ұрлаған. Сондай-ақ, олар Зашаған кентіндегі орналасқан үйге кіріп, 69 жастағы тұрғынға тиесілі 240 000 теңгені, 100 евро мен алтын бұйымдарды қолды қылған.
Жедел-іздестіру шаралары барысында күдіктілер ұсталды. Аталған факті бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.