Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарда мас жүргізуші екі көлікті қиратты 

Павлодарда мас жүргізуші тұрақта тұрған екі көлікке соқтығысты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

16 сәуірде сағат 21.14 шамасында Павлодар қаласының Толстой көшесі, 86 үйге қарама-қарсы жерде жол-көлік оқиғасы орын алды. Бұл оқиғаға кінәлі адам Волга көлігінің 36 жастағы жүргізушісі болды. Жүргізуші ара қашықтықты сақтамаған, соның салдарынан тұрақта тұрған Volkswagen Passat және Jac S5 көліктерімен соқтығысты.

Жүргізуші куәландырылды. Медициналық қорытындыға сәйкес, ол “орташа дәрежелі” мас күйде болған. Құқық бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК 608-бабының 3-бөлімі бойынша әкімшілік материал толтырылды.

Сот шешіміне сәйкес, тәртіп бұзушы 7 жыл мерзімге жүргізуші куәлігінен айырылып, 20 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру