Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Оралда полиция қызметкерлері жол-көлік оқиғасын жасаған жүргізушіні анықтады

Оралда полиция қызметкерлері жол-көлік оқиғасын жасаған жүргізушіні анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

БҚО ПД жергілікті полиция қызметі басқармасы жедел-іздестіру тобының қызметкерлері жол-көлік оқиғасын жасап, оқиға орнынан бой тасалаған жүргізушіні тапты.

Тексеру кезінде 12 ақпан күні сағат 21:54-те Орал қаласының Ашхабат көшесімен аса үлкен жылдамдықпен жүріп келе жатқан ВАЗ 21150 автокөлігінің жүргізушісі тоқтап тұрған көлікті соғып, оқиға орнынан кетіп қалғаны анықталды. Құқық бұзушы 21 жастағы Орал қаласының тұрғыны болып шықты. Оны табуға бейнебақылау камералары көмектесті.

Құқық бұзушының көлігі арнайы тұраққа қойылды.

Сондай-ақ ол ҚР ӘҚБтК-нің екі бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Өз кезегінде көлік иесі полиция қызметкерлеріне жедел жұмыс атқарғаны үшін алғысын білдірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру