Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Оралда полиция ұсақ бұзақылық жасаған ер адамдарды анықтады

Оралда полиция ұсақ бұзақылық жасаған ер адамдарды анықтады, — деп хабарлайды Polisia.kz.

БҚО ПД Орал қаласы полиция басқармасы жедел басқару орталығының қызметкерлері бейнекамераларды зерделеу кезінде Абай даңғылы бойында орналасқан аулалардың бірінде ұсақ бұзақылық жасаған жас жігіттерді байқады. Олар жанында қоқыс жәшігінің болғанына қарамастан, орындықта отырып темекі қалдығын жерге тастаған. Оқиға орнына дереу патрульдік полиция қызметкерлері жіберіліп, құқық бұзушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 

Сонымен қатар оларды жеке қарау барысында біреуінің қалтасынан ерекше иісі бар жасыл түсті өсімдік тектес зат салынған төрт сіріңке қорабы табылды. Қазіргі уақытта осы факті бойынша есірткі заттарын заңсыз сақтағаны үшін сотқа дейінгі тергеу басталды. 

Осы ретте полиция азаматтарға қоғамдық тәртіп ережелерін сақтау маңыздылығын және құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілік көзделгенін ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру