Оралда саяжай үйлеріне ұрлыққа түскен күдікті ұсталды
Оралда саяжай үйлеріне ұрлыққа түскен күдікті ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz
Орал қаласы ПБ-ға 12-16 қазан күндері Деркөл ауылы тұрғындарынан өздерінің мүліктері ұрланғаны туралы бірнеше арыз түсті. Белгісіз адам саяжай үйлеріне еркін кіріп, әшекей бұйымдарын, құрылыс заттарын, велосипедтер, азық-түліктер, жеке мүлік пен көптеген заттарды қолды қылған.
Жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында Бәйтерек ауданының 34 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады. Оның бұл әрекетінен Деркөл ауылының 3 тұрғыны зардап шекті. Күдікті өз ісін мойындады, ұрланған заттардың жартысын сатып үлгерсе, кейбір заттар тәркіленді.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті Орал қаласы ПБ уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Ұсталған адамның қылмыстық әрекетінің барлық фактілері анықталады.