Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе облысы ПД-­да полицияның кешенді күштерінің гарнизо­ндық таратылуы өтті

Ақтөбе облысы ПД-­да полицияның кешенді күштерінің гарнизо­ндық таратылуы өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz

21 қазанда Қазақстан Республик­асы Ұлттық ұланының 6655 әскери бөлімінің плацында полицияның кешенді кү­штерінің гарнизондық таратылуы өтті. Іс-шара қысқы киім үлгісіне көшуге және Ақтөбе қаласын­да қоғамдық тәртіпті сақтауға полиция жасақтарың таратуға орайластырылған.

Саптық байқау өткізіліп, онда облыстық ПД бастығы Абай Жусупов азаматтармен сыпайы және қарым-қатынас жасауды, қызметтік міндеттерін атқаруда сервистік тәсіл бойынша, бірінші кезекте ха­лыққа барлық жағынан көмек көрсету және Мемлекет басшысы мен Ішкі істер министрлігі басшылығының талап­тарын орындау туралы нұсқау берді.

Сонымен қатар авток­өліктердің техникалық жағдайы мен сыртқы түріне, олардың ава­риялық-құтқару құрал­дарымен жабдықталуына тексеру жүргізілді. Гарнизондық таратудан кейін құқық қорғау органдарының қызме­ткерлері қоғамдық тә­ртіпті сақтауға кірі­сті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру