Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Оралда трамадолды заңсыз сатқан әйел ұсталды

Оралда полиция қызметкерлері қала тұрғынынан трамадолдың мыңнан астам таблеткасын, сондай-ақ есірткіге мас болуды тудыратын басқа да препараттарды тәркіледі,- деп хабарлайды Polisia.kz.

Батыс Қазақстан облысы бойынша Полиция департаменті құрамында есірткіге мас болуды тудыратын заттары бар фармакологиялық препараттардың заңсыз сауда нүктелерін анықтау және жою бойынша кең ауқымды жұмыс жүргізуде.

Мәселен, тыйым салынған таблеткаларды рецептсіз сатқан Жақсығұлов көшесіндегі 61 жастағы К. есімді азаматша өз пәтерінде ұсталды. Онда санкцияланған тінту жүргізу барысында трамадолдың 1270 таблеткасы, 10 мл 89 трапикамид құтысы және 5 мл 68 сауыт тәркіленді. Сондай-ақ, 10 мл 86 медакс құтысы алынды.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Облыс бойынша өткізіліп жатқан «Қарасора – 2022» республикалық жедел алдын алу іс-шарасы кезінде 51 жастағы Ж. есімді тұрғыннан ішінде ерекше иісі бар өсімдік тектес сұр-жасыл түсті зат болған полиэтилен түйіншек табылып, тәркіленді. Сараптама қорытындысына сәйкес, алынған зат салмағы 3,77 грамм кептірілген марихуана екені анықталды.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру