Оралдық полицей суға батып бара жатқан екі баланы құтқарып қалды
Оралдық полицей суға батып бара жатқан екі баланы құтқарып қалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Оралда БҚО ПД полиция қызметкері суға батып кетпек болған екі баланы өлімнен арашалап қалды.Тілсіз жаудан бейхабар, бір ажалдан аман қалған ойын балаларының айтуынша, бір-біріне еріп, ауылдың шетіндегі каналға барып, балық ауламақ болыпты.
Ауылдың шетіндегі бұл канал суы өте терең көрінеді. Мұқағалидың атасының айтуынша, балалар бұған дейін ескертусіз ешқайда бармапты. Үлкендер жеткіншектердің су жағалап кеткенін байқамай қалған. Келешегінен үлкен үміт күтіп отырған немерелерінің аман қалғанына қатты қуанышты, атасы мен әке-шешесі Ержанға рахметін жеткізді.
Әрбір секунд қыл үстінде тұрған сын сәтте Ержан балаларға жедел түрде алғашқы медициналық көмек көрсетіп, есін жиғызады. Бала қорқып кетті ме, өзі жүзіп шықпақ болды ма, көмекке шақырып айқайламапты. Шебер жүзетін полицей өзінің бұл әрекетін бар болғаны адамдық борышы екенін айтты.
– Мен бұл күні іссапармен ауылға келіп, жұмыстарымды реттеген соң, осы жерде демалып жүр едім. Бірнеше баланың су жағасында жүргенін байқадым. Алғашында олар суға түседі деп ойлаған жоқпын. Кейін бір баланың жағадан шамамен 5 метр қашықтықта суға батып бара жатқанын байқадым. Бірден суға түсіп алып шықтым. Екінші бала да суға малтып жатты. Оны да сүйреп алып шықтым. Алайда бес жасар Мұқағали су жұтқан, есінен айрылып қалды. Жасанды тыныс беріп, өкпесіне массаж жасап, қолымнан келегін көмекті жасадым. Шамамен 5 минут ішінде есін жиды. Жұтқан суын құсты. Мен оларды ата-аналарына тапсырдым, – дейді БҚО ПД КҚО инспектор-кинологі Ержан Қуанышев.