Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Петропавлда қос дөңгелекті көліктердің қатысуымен екі жол-көлік оқиғасы орын алды

Петропавлда қос дөңгелекті көліктердің қатысуымен екі жол-көлік оқиғасы орын алды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

6 маусым күні Петропавлда қос дөңгелекті көліктердің қатысуымен екі жол апаты орын алды. Таңертең Набережная көшесінің бойында Audi көлігін басқарған 28 жастағы петропавлдық маневр жасау кезінде мотоциклмен соқтығысқан. Оқиға салдарынан Yamaha-ның 34 жастағы жүргізушісі мен жолаушысы жедел жәрдеммен қаладағы медициналық мекемелердің біріне жеткізілді.

Кешкі сағат 7-де Потанин көшесінде Renault Duster көлігін басқарып келе жатқан жүргізуші Alpha скутерін байқамай қалып, соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан 15 жастағы қала тұрғыны жарақаттар алды. Жол-көлік оқиғасы фактілері бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы материалдар жиналып, процессуалдық шешім қабылдау үшін Петропавл қалалық Полиция басқармасының әкімшілік полиция бөліміне жіберілді.

– Барлық жол қозғалысының қатысушыларын сақ болуға шақырамыз. Естеріңізге сала кетейік, қос дөңгелекті көліктердің жүргізушілері мен жолаушылары әрқашан да бекітілген мотоцикл дулығасын киюі тиіс, жарық шамдары қосулы болуы қажет. 16 жасқа толмағандарға және жол қозғалысы ережелерін білмейтіндерге скутерлерді басқаруға тыйым салынған, – дейді СҚО ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Айдын Байматов.

Жыл басынан СҚО-да мотоциклдер мен скутерлердің қатысуымен 4 жол-көлік оқиғасы орын алды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру