Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Менің әкем – полицей: алматылық қыз әкесінің жолын қууды армандайтынын айтты

Алматылық полицейдің қызы әкесінің жолын қууды армандайтынын айтты, – деп хабарлайды Polisia.kz

14 жастағы Ақнұр Амантай – Алматы қалалық ПД Жедел-криминалистика басқармасының аға криминалисті Тілеутай Ахмадиевтің қызы.

Қыз бала әкесі сияқты полиция қызметкері болуды армандайтынын айтты.

– Әкемнің жұмысы қиын болғанымен, оның ішінде де қызық дүниелер бар. Мысалы, ол бізге қылмыстардың қалай ашылатынын, дәлелдемелердің қалай зерттелетінін айтып береді. Әкем жұмыстан кеш келеді. Бірақ соған қарамастан, ол бізге уақыт табады. Бізбен волейбол ойнайды, Медеуге, Шымбұлаққа, хайуанаттар бағына саяхаттауға апарады. Мен әрқашан әкемнің формасына қызығамын, фуражкаға, жұлдыздарға. Мен де әкем сияқты деректерді зерттеп, жұмысын жалғастырғым келеді, – деді Ақнұр.

Ахмадиевтің тағы үш баласы өсіп келеді. 10 жасар егіздер – Ерсұлтан мен Бексұлтан, сонымен қатар екінші сынып оқушысы Айару, ол 8 жаста. Полиция қызметкері “дені саудың жаны сау” аксиомасына сүйене отырып, балаларды спортқа тартады.

– Ішкі істер органдарында 16 жылдан бері қызмет етіп келемін. Осы уақыт бойы криминалистикалық қызметпен айналыстым. Әйелім – білімі бойынша мұғалім. Қазір ол біздің балаларымыздың дені сау, бақытты, Отанымыздың ақылды және жан-жақты патриоты болуы үшін тәрбиелеп, дамытумен айналысуда, – деді Тілеутай Ахмадиев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру