Оралдық полицейлер көпірден секірмек болған әйелді құтқарып қалды
Оралдық полицейлер көпірден секірмек болған әйелді құтқарып қалды, – деп хабарлайды Polisia.kz
20 қазан күні таңертең 102 арнасына Орал қаласында 4-ші шағын аудандағы көпір қоршауында тұрған әйел туралы хабарлама түсті.
Оқиға орнына сол маңдағы 517 экипаж қызметкерлері Орал қаласы ПБ ППБ инспекторы Тынымгерей Амангелдиев және Нұрсұлтан Жанабаев келіп, көпірден құлауға тырысқан әйелді көреді. Тәртіп сақшылары әйелге абайлап жақындап, қауіпсіз жерге шығарып, оны өлімнен арашалап қалды. Содан кейін мән-жайды анықтау үшін Орал қаласы ПБ-ға жеткізілді.
Белгілі болғандай, 41 жастағы қала тұрғыны күйеуімен бірге кәмелетке толмаған екі баланы тәрбиелеп отыр. Бір күн бұрын ол жұбайымен жанжалдасып, өзін-өзі өлтіруге шешім қабылдаған. Әйел мен туыстары полицейлерге құтқарғаны үшін алғыс айтты.