Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Кореяға жұмысқа орналастырып беремін деп тұрғынды алдаған алаяқ анықталды

Кентауда Кореяға жұмысқа орналастырып беремін деп тұрғынды алдаған алаяқ анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz

Нақтырақ айтсақ, полицияға жергілікті тұрғын алаяқтың құрбаны болғаны жөнінде арызданған. Оның айтуынша, танысы Кореяға жұмысқа орналастырып беретінін айтқан және ол үшін тұрғыннан 500 мың теңге қаражат алған. Алайда арызданушы бүгінгі күнге дейін уәде етілген жұмысты да, не өз ақшасын да ала алмаған.

Аталған жайт ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркелді.

Кентаулық полицейлер жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізіп, күдікті деп танылған Кентау қаласының тұрғынын анықтады. Күдікті азамат жәбірленушіге жалған ақпарат беріп, ақшаны өзіне алған. Қазіргі таңда тәртіп сақшылары оқиғаның толық мән-жайын тексеруде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру