Ордабасыда тұрғын көршісінің автокөлігінен ұялы телефон ұрлап кетті
Ордабасыда тұрғынның автокөлігінен ұялы телефон ұрлаған күдікті анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ордабасы АПБ-ға жергілікті тұрғын арызданып келді. Оның айтуынша күндізгі сағат 15:00 шамасында үйінің алдында тұрған Ford Focus маркалы автокөлігінің ішіндегі тұрған «Samsung А6» ұялы телефонын жасырын жымқырып, жалпы 50 000 теңге шығын келтірген.
Полиция қызметкерлері аталған жайтты ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша СДТТБТ-ға тіркеді.
Орын алған ұрлық қылмысын ашып, күдіктіні ұстау мақсатында аудандық полицейлерден жедел-тергеу тобы құрылды. Тәртіп сақшылары көрген-білгендерден жауап алып, қажетті шаралардың барлығын іске асырды. Жан-жақты тексеру жұмыстарының арқасында күдікті өз үйінен ұсталды. Ол жәбірленушінің көршісі болып шықты. Қазіргі таңда аталған жайтқа байланысты тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті азаматтың бас шарасы қолхатта.
Белгілі болғандай, жәбірленуші егістік алқапта жайылып жүрген малдарын көріп келіп, автокөлігін көршісінің есігінің алдында өсіп тұрған талдың көлеңкесіне қалдырып, үйіне кіріп кеткен. Автокөліктің терезе, есігінің ашық тұрғанын көрген күдіктінің арам ойы туындайды. Осылайша ұялы телефонды алып, үйіне жасырып қойған.