Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте карантин режимін бұзу жайттары анықталды

Шымкентте карантин режимін бұзу жайттары анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Әл-фараби ауданы Полиция басқармасының қызметкерлері қауіпсіздік шараларын күшейту мақсатында жүргізілген рейд барысында сағат 14:17-те Бәйтереков көшесі 38 үйде орналасқан “CENTRUM” мейрамханасы карантиндік талаптарды сақтамай, жұмыс жасап жатқаны анықталды. “CENTRUM” мейрамханасы қонақтарды қабылдап (90-100 адам), сонымен қатар кафе қызметкерлері бір реттік бетпердені тақпағандары белгілі болды.

Рейдтік шаралар қала аумағында күшейтілген режимде жүруде. Мейрамхана әкімшілігінен түсініктеме алынды.

Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері мен аудандық әкімдік өкілдерінен жасақталған мобильді топ өкілдері карантин талаптарының сақталуын қатаң қадағалауда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру