Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ордабасыда тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбандарымен түсіндірме жұмыстары жүргізілді

Ордабасыда тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбандарымен түсіндірме жұмыстары жүргізілдіжүргізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында «Жаңа Қазақстанды» дамытудың эталондарын нақты атап айтты. Оның ішінде азаматтар мен қоғам қайраткерлерінің әйелдер мен балаларға зорлық-зомбылық үшін жазаны күшейту қажеттілігі туралы өтініш айтты.

Осы Жарлыққа сәйкес, Ордабасы ауданы ЖПҚБ-нің әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторы Гүлсін Бекбаева мен аудандық ішкі саясат бөлімінің сектор меңгерушісі Айнұр Құрмашева кездесу өткізді.

Шара Ордабасы ауданы Төрткөл ауылдық округіне қарасты Б. Төлепбаев атындағы жалпы орта мектебінде қыз-келіншектер арасында ұйымдастырылды. Мақсаты – қыз-келіншектерге жасалатын зорлық-зомбылықтың түрлеріне қатысты түсініктеме жүргізіп, зорлық-зомбылықтың алдын алу және құқықтарын, зорлық көрген жәбірленушінің қауіпсіздігін қалай қамтамасыз ету жөнінде, сондай-ақ кәмелеттік жасқа толмаған қыздардың ерте жүктілігін болдырмау туралы профилактикалық, құқықтық психологиялық кеңес беру.

Іс-шараға 30-ға тарта қыз-келіншек келіп, өздерінің тұрмысқа қатысты туындаған сауалдарын қойып, ұсыныс-пікірлерімен бөлісті. Отбасында зорлық-зомбылықтың құрбаны болып жүрген әйелдерге полицейлер түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Тұрғындарға қысым көрген жағдайда не істеу керектігі жөнінде кеңестер берілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру