Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағанды облысында ауыл тұрғыны әкімшілік ғимараттың қоршауын ұрламақ болды

Қарағанды облысында ауыл тұрғыны әкімшілік ғимараттың қоршауын ұрламақ болды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

30 наурыз күні Қарағанды облысы Ақтоғай аудандық полиция бөліміне ауданға қарасты ауылдардың бірінде белгісіз біреу әкімшілік ғимараттың темір қоршауын ұрламақшы болғаны туралы хабарлама түсті.

Күдікті жымысқы әрекетін соңына дейін істей алмағандықтан, қоршауды бүлдіріп тастап кеткен. Келтірілген шығын көлемі 50 мың теңгені құраған.

Аталған фактіге байланысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 24-188 бабына (Ұрлыққа оқталу) сәйкес қылмыстық іс қозғалды.

5 сәуір күні полиция қызметкерлерімен осы іске қатысы бар деген күдікпен 42 жастағы күдікті ұсталды. Ол темір қоршауды ұрлап, сатып жібермекші болғаны туралы мойындау көрсетпе белгілерін берді. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру