Ордабасылық сақшылар жаяу жүргіншіден есірткі тәркіледі
Ордабасылық сақшылар жаяу жүргіншіден есірткі тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ордабасы ауданы ПБ-ның полиция қызметкерлері қоғамдық тыныштықты сақтауға бағытталған түрлі іс-шараларды жүзеге асырып келеді.
«Құқықтық тәртіп» іс-шарасына сәйкес Ордабасы ауданы ПБ-ның учаскелік полиция қызметкерлері өздерінің қызметтерін атқару барысында Ордабасы ауданы Шұбарсу ауылы көшелерінің бірінде күдік тудырған ер азаматты тоқтатты. Тәртіп сақшылары оның жеке басын нақтылау үшін тексеру жұмыстарын жүргізді. Осы сәтте күдікке ілінген ер адамның шалбарының оң жақ қалтасынан қағазға оралған ерекше иісі бар есірткі заты табылды.
Полицейлер бұл істің ақ-қарасын айыру мақсатында ұсталған күдіктіні бірден ПБ-ға жеткізіп, айғақты зат ретінде алынған затқа сараптама тағайындады. Қорытындысына сәйкес алынған заттың жалпы салмағы 3 грамнан асатын кептірілген марихуана болып шықты.
Ордабасылық сақшылар аталған жайтты ҚР ҚК-нің 296-бабы 2-бөлігі (Есірткі психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау) бойынша СДТБТ-ға тіркеді. Қазіргі таңда күдікті ер адамға қатысты тергеу амалдары жүргізілуде.