Өрістен қайтпаған сиырды полицейлер иесіне қайтарды
Қызылорда облысында жоғалған қара ала түсті сиырды полицей тауып, иесіне қайтарды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
2020 жылдың қыркүйек айының 18-і күні Қарамақшы ауданы Төретам кентінің тұрғыны С.К. ҚР ІІМ Байқоңыр қаласындағы Өкілдігіне өзіне тиесілі қара ала түсті сиыры өрістен қайтып келмегені туралы арызданған.
Аталған оқиға бойынша ҚР ІІМ Байқоңыр қаласындағы Өкілдігінің әкімшілік полиция бөлімінің аумақтық учаскелік полиция инспекторы Ш.Басбаев өзінің кәсіби шеберлігімен профилактикалық іздеу шараларын жүргізу барысында 2020 жылдың қыркүйек айының 19-ы күні азамат С.К-ге тиесілі қара ала түсті сиырын табыстаған.
Төретам кентінің тұрғыны, азамат С.К. учаскелік полиция инспекторы Шынтас Басбаевтің іскерлігі мен адалдығына өз ризашылығын білдірді.