Орманшы заңсыз ағаш кесумен айналысқан
Павлодар облысында заңсыз ағаш кесумен айналысқан орманшының қылмыстық әрекеттерінің салдарынан мемлекетке шамамен 8,5 млн теңге көлемінде шығын келтірілген, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Павлодар облысының ПД Ертіс аудандық полиция бөлімінің полицейлері рейдтік шаралар өткізу кезінде 2020 жылғы ақпан-наурыз айлары аралығында Ертіс өзенінің қорғалатын аумағында ағаштарды заңсыз кескен деген күдікпен облыстың орман шаруашылықтарының бірінің орманшысын ұстады.
Шығын шамамен 8,5 миллион теңгені құрады.
Аталған факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 340-бабы (Ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу, жою немесе зақымдау) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.