Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарлық полицей ерлігі үшін марапатталды

Павлодар облысында “Ертіс дарыны” жастар сыйлығының қорытындысы шығарылды, номинанттар арасында Павлодар қаласының ПБ патрульдік полиция батальонының полицейі Азамат Әкімбаев та бар, – деп хабарлайды Polisia.kz.

22 лауреатқа 500 мың теңгелік сертификаттар мен дипломдарды тапсыру рәсімі барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, Жастар бастамаларын дамыту орталығында өтті.

Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов кездесуге қатысушыларға арнаған сөзінде өңір әр түрлі салаларда жоғары білікті кадрлар ұстаханасы болғанын және болып қала беретінін атап өтті.

⁃ Павлодар облысының көптеген жастары өңірлік, республикалық және халықаралық деңгейлерде үлкен биіктерге жетті. Сіздердің одан да үлкен жетістіктерге жете алатындықтарыңызға сенімдімін. Бұл – сіздердің ата-аналарыңыздың, мұғалімдеріңіз мен тәлімгерлеріңіздің еңбегі, – деді Әбілқайыр Сқақов.

Павлодар облысында  “Ертіс дарыны” сыйлығы 14-29 жас аралығындағы жастарға екінші жыл қатарынан 10 номинация бойынша беріліп келеді.

“Ерлігі үшін” номинациясында қаладағы көпқабатты үйлердің бірінде өрт шыққанда тұрғындарды эвакуациялау және өртті сөндіру кезінде көрсеткен ерлігі үшін Павлодар қаласының ПБ патрульдік полиция батальоны қызметінің инспекторы Азамат Әкімбаев марапатталды.

– Біздің қызметімізді облыс әкімінің бағалағаны мен үшін үлкен құрмет. Полицияда көптеген жас қызметкерлер қызмет етеді, біз әрқашан тәлімгерлерімізге теңелеміз. Сондықтан мен Отанымыз бен халқымыздың игілігі үшін үлкен ықыласпен және сеніммен қызмет ететін боламын. Біздің өңірде осындай сыйлық тағайындалғаны өте жақсы. Біз үшін бұл жаңа биіктерге жету үшін үлкен мотивация, – деді “Ертіс дарыны” сыйлығының иегері Азамат Әкімбаев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру