Өскемен қаласының полицейлері жүргізушіні есірткіге мас күйінде ұстады
Өскемен қаласының полицейлері жүргізушіні есірткіге мас күйінде ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ағымдағы жылдың 13 шілдесінде түнгі уақытта Өскемен қаласының полицейлерімен Сәтпаев даңғылы бойынан 27 жастағы жүргізушінің басқаруымен ВАЗ-21124 автокөлік тоқтатылды, тексеру барысында ер адам өзін дұрыс ұстамады. Медициналық куәландыру актісіне сәйкес, азамат каннабиоидтарды қолданудан туындаған есірткіге мас күйінде болған.
Аталған факті бойынша жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігімен (Алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі жүргізушінің көлік құралын басқарғаны үшін) әкімшілік хаттама толтырылды, бұл жеті жыл мерзімге көлік құралын жүргізу құқығынан айыруға әкеп соғады. Аталған жүргізушіге қатысты әкімшілік іс шешімін қабылдау үшін сотқа жіберілді.