Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағандыда алаяқ тұрғынның заттарын заңсыз иемденіп кетті

Қарағандыда алаяқ тұрғынның заттарын заңсыз иемденіп кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

19 маусымда 49 жастағы қала тұрғыны Қарағанды қаласының ПБ Теміржол полиция бөліміне жүгінді. Ол белгісіз біреу алдап, электр велосипедін, ұялы телефонды, үй мен гараж кілттерін иемденіп алғанын айтты. Келтірілген шығын мөлшері 710 мың теңгені құрайды. ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

15 шілдеде жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері күдіктіні – 44 жастағы ер адамды анықтап, ұстады. Ол кінәсін мойындап, қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру