Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Балқашта қонақ үй иесін ұрып, ұялы телефонын тартып алған күдікті анықталды

Балқашта қонақ үй иесін ұрып, ұялы телефонын тартып алған күдікті анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

15 маусымда Қарағанды облысының Балқаш қаласының полиция бөліміне үйлердің бірінің пәтерінде тонау болғаны жайлы хабарлама түсті. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы келіп, істің мән-жайын тексерді.

47 жастағы қала тұрғыны таныс емес адамды үйіне қонаққа шақырған. Алғыс айтудың орнына қонақ күтпеген жерден үй иесін ұрып-соғып, ұялы телефонын алып, қашып кетеді. Келтірілген шығын мөлшері 98 мың теңгені құрады. Әр түрлі ауырлықтағы дене жарақаттарын алған жәбірленуші ауруханаға медициналық көмекке жүгінген.

Жедел-іздестіру іс-шараларының барысында криминалдық полиция қызметкерлері “ізін суытпай” күдіктіні анықтап, 44 жастағы ер адамды ұстады. Ол кінәсін мойындап, ұялы телефон алынып, иесіне қайтарылды.

ҚР Қылмыстық кодексінің 191-бабы (Тонау) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру