Өскемен қаласының тұрғынынан марихуана салынған түйіншектер тәркіленді
Өскемен қаласының тұрғыны есірткіні заңсыз сақтаған, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Өскемен қаласының ПБ Ертіс ПБ-ге қала аудандарының бірінде ер адамның есірткіні заңсыз сақтап жүргені туралы ақпарат келіп түсті. Аталған ақпаратты тексеру кезінде криминалдық полиция қызметкерлері бұрын сотталған 40 жастағы ер адамды ұстады. Оны тінту барысында сол жақ сыртқы қалтасынан скотчпен оралған, өсімдік тектес, спецификалық иісі бар, жасыл түсті зат салынған полимерлік түйіншек, сондай-ақ спорттық күртешесінің сол және оң жақ қалталарынан тағы екі полимерлік түйіншек табылып, алынды.
– Сарапшының қорытындысына сәйкес алынған зат жалпы салмағы 349 гр кептірілген марихуана болып табылады , ол шамамен 90 дозаны құрайды, – деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев.
Аталған факт бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабының 2-бөлігі (Есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау) бойынша сотқа дейінгі тергеп тексеру жүргізілуде.