Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар тұрғыны полицияға жалған хабарлама берген

Павлодар қаласының тұрғыны мастықтың салдарынан әйелін белгісіз біреулердің ұрлап кеткені туралы полицияға қоңырау шалған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полицияға күн сайын түрлі сипаттағы қоңыраулар түседі, күн сайын тек Павлодар қаласы бойынша “102” пультіне 300-ден 500-ге дейін қоңырау түседі. Олардың барлығы да тексеріледі. Шақыртулардың басым көпшілігінде тұрғындарға расында да көмек керек болса, кейбір жағдайларда полиция қызметкерлері өтініш берушінің қиялынан туындаған мән-жайларды анықтауға уақыт жұмсайды.

Мәселен, Павлодар қаласының тұрғыны полицияға қоңырау шалып, оның әйелін ұрлап кеткенін, белгісіз адамдар оның телефонына қоңырау шалып, төлем талап еткенін хабарлады. Шақыртуға келген полиция қызметкерлері ешқандай ұрлықтың болмағанын анықтады. Аталған азаматтың әйелі әдеттегідей таңертең жұмысқа кетіп, күні бойы жұмыс орнында болған. Алкогольдік ішімдікті шамадан артық тұтынған күйеуі ұйқыдан тұрғанда әйелін таппай, полицияға қоңырау шалған.

– Түсіме кірген қой, – деп ақталды мастығы тарамаған павлодарлық азамат.

Айта кету керек, жыл басынан бері полицияға 17609 қоңырау келіп түскен, оның сегіз мыңға жуығы расталған жоқ.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру