Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Өскемен тұрғыны алаяққа 10,5 млн теңгесін беріп қойды

Өскемен тұрғыны алаяққа 10,5 млн теңгесін беріп қойды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

11 мамырда Өскемен қалалық Ертіс ПБ «102» жедел арнасына алаяққа алданған облыс орталығының 38 жастағы тұрғыны жүгінді. Жәбірленуші өткен жылдың наурызынан сәуір айы аралығында оның танысы пәтер сатып алуға көмектесемін деген сылтауымен 10,5 млн теңгеге жуық ақшаны алғанын хабарлады.

Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде, криминалдық полиция қызметкерлері 30 жастағы жергілікті тұрғынды анықтады. Белгілі болғандай, күдікті жәбірленушіге жеңілдетілген бағдарлама бойынша пәтер сатып алуға көмектесуге уәде берген.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру