Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Өскеменде әйел қарызын қайтармай, 3 жыл бойы жасырынып жүрген

Өскеменде әйел қарызын қайтармай, үш жыл бойы жасырынып жүрген, – деп хабарлайды Polisia.kz.

«Құқықтық тәртіп» ЖПІШ кезеңінде ПД көші-қон қызметінің қызметкерлері іздеу жарияланған адамдардың жүрген жерін анықтау бойынша жұмыс жүргізуде.

Осылайша, Алтай ауданының ПБ көші-қон қызметі бөлімшесіне 52 жастағы борышкерді іздестіруге жариялау туралы жеке сот орындаушысының қаулысы келіп түсті.

Танысынан көлік сатып алған әйел үш жылдан астам уақыт бойы көліктің қалған сомасы 650 мың теңгені төлегісі келмей, арызданушы мен сот орындаушысынан жасырынып жүрген.

Іздестіру іс-шаралары барысында көші-қон қызметінің қызметкерлері қысқа мерзім ішінде борышкердің Өскеменде орналасқан жерін анықтады. Енді қарызды өндіріп алумен жеке сот орындаушылары айналысады

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру