Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Полицейлер қарағанды тұрғынынан кастет тәркіледі

Полицейлер қарағанды тұрғынынан суық қару тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.

24 қаңтар күні Қарағанды қалалық Полиция басқармасы криминалдық полиция бөлімінің қызмектерлерімен “Құқықтық тәртіп( жедел алдын алу іс-шарасын өткізу барысында сағат 14.00 шамасында аса күдік тудырған азамат назарға ілінген.

Жедел әрекеттер барысында 22 жастағы қала тұрғыны ұсталып, оған қатысты тексеріс жұмыстарын жүргізу барысында кастет тәркіленді. Сараптама қорытындысына сәйкес ол суық қару болып шықты.

Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 287-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру