Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Өскеменде балаларына алимент төлеуден жалтарған борышкер анықталды

Өскеменде балаларына алимент төлеуден жалтарған борышкер анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Өскемен қаласы ПБ көші-қон қызметі бөліміне жеке сот орындаушысының өзінің кәмелетке толмаған төрт баласына 2,5 миллион теңгеден астам қарыз болған 50 жастағы алимент төлеуден жалтарған азаматқа іздеу жариялау туралы қаулысы келіп түсті. Борышкер белгісіз себептермен төлем жасамай қашып жүрген екен.

– Іздестіру іс-шаралары барысында көші-қон қызметінің қызметкерлері қысқа мерзімде Өскемен қаласында алимент төлемеушінің орналасқан жерін анықтады. Іздеудегі азамат алимент бойынша қарызын полицейлер тапқан күні толық көлемде төледі,- деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев.

Жыл басынан бері полиция қызметкерлері алимент төлемеген 350-ден астам адамды анықтады.

Көші-қон қызметі атқарушылық құжатты орындамағаны үшін заңда әкімшілік (ҚР ӘҚБК-нің 669-бабы) және қылмыстық жауапкершілік (ҚР ҚК-нің 139-бабы) көзделгенін ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру