Өскеменде бір сотталғанға рақымшылық жасалды
156/1 түзеу мекемесінен бір сотталғанға рақымшылық жасалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
ШҚО колониясынан рақымшылық бойынша жалпы 8 сотталған босатылды. Олардың біреуі Өскемендегі 156/1 тергеу изоляторында отырған азамат.
Шындығында сотталғандардың өздері процестен кейін бірнеше сағаттан кейін босап шығарларын күткен жоқ. Туыстары да қуана қарсы алды.
– Мен алаяқтық бойынша сотталдым. Жаңа жыл қарсаңында менің бостандыққа шығуым апам үшін тосын сый болды. Мұнда отырған жылдары үлкен сабақ алдым, – дейді Владислав Слободской.
Айта кету керек, бұған дейін заңды жүзеге асыру мақсатында жазасын өтеп жатқан азаматтармен Тәуелсіздіктің 30 жылдығына байланысты рақымшылық туралы заңды түсіндірген. Фемида өкілдерімен сотқа материалдарды дұрыс дайындау мақсатында кездесу ұйымдастырған болатын.