СҚО полицейлері ауыл тұрғынынан атыс қаруы мен оқ-дәрілерді тәркіледі
СҚО полицейлері ауыл тұрғынынан атыс қаруы мен оқ-дәрілерді тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Солтүстік Қазақстан облысының полицейлері Ғ. Мүсірепов атындағы ауданның Разгульное ауылының тұрғынынан 9 бірлік қару мен мыңнан аса патрон тәркіледі.
Солтүстікқазақстандық жедел уәкілдердің назарына күзде түскен. Жедел іс-шаралар өткізгеннен кейін полицейлердің күдігі расталды. СҚО ПД бастығының орынбасары Руслан Назаровтың айтуынша, желтоқсанның басында басталған сотқа дейінгі тергеп-тексеру аясында ауыл тұрғынына тінту жүргізілген, оның барысында қарудың толық жиынтығы табылды. Қару кереуеттің астында, шкафтарда, үйдегілердің барлығы үшін қауіпті жағдайда сақталған. 3 винтовка, 5 мылтық пен бір тапанша, сондай-ақ оқ-дәрілер тәркіленді. Қазіргі таңда ұсталғанның басқа да қылмыстарға қатысы бары тексерілуде.
Барлық алынған заттар сараптамаға жіберілді. Күдіктінің айтуынша, ол қаруды көктемде өзеннен тауып алған. Ғ. Мүсірепов атындағы ауданның ПБ тергеушілеріне ҚР Қылмыстық кодексінің 287-бабының 3,4-бөліктері (Қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) бойынша жүргізіліп жатқан сотқа дейінгі тергеп-тексеру аясында мән-жайларды анықтауына тура келеді.
Қазіргі уақытта күдікті күзетпен қамауға алынды. Тергеу жүргізілуде.