Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаменті жылды қорытындылады

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаменті жылды қорытындылады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің бастығы Шаймерден Есенкелдиев жедел кеңес өткізіп, өткен жылды қорытындылады.

Жедел кеңес жұмысына ҚАЖД және ведомстволық бағынысты мекемелердің басшылары, қалалық, аудандық пробация қызметтерінің бөлім бастықтары қатысты. Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің жедел-қызмет жұмысының 2021 жылдың 12 айында жұмыс қорытындылары туралы штаб тобының бас маманы Э.Даутбаева жедел-қызметтік жұмыстың нәтижелері, мекемелердегі құқықтық тәртіп пен заңдылықты қамтамасыз етуде атқарылған жұмыстарға және пробация қызметінің жұмысына тоқталып өтті. Одан соң ЗК-169/1, ЗК-169/4, ЗК-169/5 мекеме басшылары да 12 айда атқарылған жұмыс нәтижелері туралы баяндама оқыды.

2021 жылдың өткен кезеңінде ҚАЖД ведмостволық бағынысты мекемелердің аумағына сотталғандардың пайдалануы мен қолданылуына тыйым салынған заттарды өткізуге талпынудың 20 дерегінің жолы кесілді. Түзеу мекемелеріндегі жазасын өтеушілерді 100 пайыз жұмыспен қамту мақсатында тиісті жұмыстар атқарылуда.

Сондай-ақ жыл басынан 200 сотталған жұмысқа орналастырылса, ал 31 сотталған мемлекет тарапынан қайтарымсыз грантқа ие болып, жеке кәсіп ашқан.

Ішкі істер органдары жүйесін реформалау бойынша Мемлекет басшысы қойған міндеттердің жүзеге асырылуы, ҚР Ішкі істер министрінің тапсырмаларын орындау және Қылмыстық-атқару жүйесін дамытудың 2019-2023 жылдарға арналған «Жол картасы» бағдарламасын іске асыру шеңберінде Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ мекемелерінде сотталғандардың құқықтық және ұстау жағдайын жақсартуға, цифрландыруға және жүйенің ашықтығына бағытталған бірқатар жұмыстар жүргізілді.

«Соқыр аймақтарды» болдырмау үшін департаментке қарасты мекемелер бейнебақылау камераларымен қамтылған. Әрбір қызметкер бейнетіркегіш құрылғысымен қамтамасыз етілген. Жыл басынан 100 дана бейнетіркегіш алынған. Сонымен қоса түзеу мекемелеріне сотталғандардың арыз-шағымдарын, өтініштерін саусақ таңбасының көмегімен өкілетті органға жөнелтілетін электронды терминалдар орнатылған.

Жедел кеңесте департамент бастығы ҚАЖ мекемелерінде өткен жылмен салыстырмалы түрде ауқымды жұмыстар жүргізілгендігін атап өтіп, алдағы уақытта атқарылатын міндеттер бойынша мекеме басшыларына сотталғандарды жұмыспен қамту, олармен тәрбиелік жұмыстарды жиі жүргізу, медициналық, психологиялық көмек бойынша жұмыстарды жандандыруды тапсырса, пробация қызметіне есептегі азаматтар тарапынан қайта қылмысқа жол бермеу мақсатында тиісті жұмыстарды атқару жөнінде тапсырмалар берді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру