Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Бұрын сотты болған шымкенттік қайтадан ұрлық жасаған

Бұрын сотты болған шымкенттік қайтадан ұрлық жасаған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қаратау ауданының Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған. Оның айтуынша, белгісіз тұлға 25 желтоқсан күні сағат 22:30 шамасында құрылыс жұмыстары жүріп жатқан үйіне терезе арқылы кіріп, құрылысқа керекті техникалық құралдарын ұрлап кеткенін жазып көрсеткен.

Аталған жайт бойынша Қаратау АПБ-ның криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде, шымкенттік тұрғын анықталып, басқармаға жеткізілді.

Қазіргі таңда 33 жастағы азаматқа қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігімен (Тұрғын, қызметтiк немесе өндiрiстiк үй-жайға, қоймаға не көлік құралына заңсыз кiрумен жасалған ұрлық) қылмыстық іс тіркеліп, тергеу амалдары жүргізілуде. Тергеу барысында аталған азаматтың бұған дейін сотты болғаны белгілі болды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру