Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысы бойынша ҚАЖД-де 11 айда атқарылған істер талқыланды

Түркістан облысы бойынша ҚАЖД-де 11 айда атқарылған істер талқыланды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысы бойынша ҚАЖД-де 2021 жылдың он бір айында атқарылған істер талқыланып, қалалық, аудандық пробация басшылары баяндама жасады.

Түркістан облысы бойынша ҚАЖД бастығының міндетін атқарушы Айдар Нурсеитовтың төрағалығымен ИЧ-167/9 мекемесінің және қалалық, аудандық пробация қызметінің осы жылдың 11 айында атқарылған жедел-қызметтік іс-шараларын қорытындылау бойынша кеңейтілген жедел кеңес отырысы өткізілді.

Жедел кеңесте шешімін таппаған өзекті мәселелер мен орын алған кемшіліктер талқыланып, алдағы уақытта осыған ұқсас кемшіліктерге қайта жол бермеу мен жұмысты жақсарту бағытында бірқатар ұсыныстар қабылданды. Сондай-ақ, атқарылған жұмыстардың нәтижесі де баяндалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру