Өскеменде бұзақылар қала тұрғындарын себепсіз соққыға жыққан
Өскеменде бұзақылар қала тұрғындарын себепсіз соққының астына алған, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Бірнеше күн бұрын Өскемен қаласының ПБ Ертіс полиция бөлімінің «102» жедел арнасына Глубокое ауданының 29 жастағы тұрғыны жүгінді. Ол түнгі уақытта қала аудандарының бірінде белгісіз тұлғалар бұзақылық ниетпен оған және оның танысына дене жарақатын салғанын хабарлады. «Таяқ астында» қалған жәбірленушілер алған жарақатымен қалалық ауруханаға жүгінді. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.
– Өскемен қаласы ПБ ЖБО бейнебақылау камераларының көмегімен патрульдік полиция жасақтары 24 және 23 жастағы екі жас жігітті «ізін суытпай» ұстап, полицияға жеткізді, олар жауап алу кезінде өз кінəларын мойындады, – деді полицейлер.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 293-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.