Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында марихуана сатумен айналысқан ер адам ұсталды

Түркістан облысында полицейлер есірткі саудасымен айналысқан күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сарыағаш АПБ-нің кезекші бөліміне жергілікті тұрғындардың бірі есірткіні заңсыз өткізумен айналысатыны туралы хабарлама келіп түсті. Анықталғандай, күдікті ауыл тұрғындарының біріне полиэтиленді пакетке оралған марихуананы сатқан. Аталған жайтты полиция қызметкерлері СДТБТ-не ҚР ҚК-нің 297-бабы “Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе өткізу” бойынша тіркеді.

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Сарыағаш АПБ-нің полиция қызметкерлері есірткі сатқан күдіктіні ұстады. Ер адам өз кінәсін толықтай мойындады. Сараптамаға сәйкес, тәркіленген зат жалпы салмағы бес граммнан асатын марихуана болып шықты. Күдікті қамауға алынды. Сонымен қатар, орта жастағы азаматтың бұрын есірткі ісімен айналысып, сотты болғаны белгілі болды. Қазіргі уақытта аталған жайт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру