Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында полиция мас жүргізушіні дер кезінде анықтап, жол апатының алдын алды

Түркістан облысы Ордабасы аудандық полиция бөлімінің патрульдік полиция қызметкерлері мас күйінде көлік тізгіндеген жүргізушіні анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Мас күйінде көлік басқару – жол қозғалысы ережелерін бұзуға жатады. Салдарынан көбіне жол-көлік оқиғалары туындайды. Заңнамада мас күйінде көлік жүргізгені үшін 15 тәулік әкімшілік қамауға алу және 7 жылға жүргізуші куәлігінен айыру түріндегі жаза көзделген.

Мас күйдегі жүргізушілердің бірін Ордабасы аудандық полиция бөлімінің патрульдік полиция қызметкерлері анықтады. Қызмет атқару барысында Mercedes-Benz автокөлігі тәртіп сақшыларының күдігін тудырды. Полиция жүргізушіге тоқтауды бұйырды, бірақ ол заңды талаптарды елемей, жасырынуға тырысты. Жүргізуші қарсы жолаққа шығып, жаяу жүргіншіні қағып кете жаздады. Сонымен қатар басқа көліктерге кедергі жасады.

Жедел қабылданған шаралардың нәтижесінде полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережелерін бұзушыны тоқтатты. Ол мас күйінде көлік жүргізген 55 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты. Сот шешімімен ер адам 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынып, 7 жыл мерзімге көлік басқару құқығынан айырылды.

Полицейлер жүргізушілерге жолда мұқият болуды және жол ережелерін сақтауды ескертеді. 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру