Өскеменде ер адам бұрын бірге тұрған әйелді тонап кетті
Өскеменде ер адам бұрын бірге тұрған әйелді тонап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Өскемен қ.ПБ Ертіс ПБ «102» жедел арнасына 25 жастағы қыз жүгінді. Ол кешкі уақытта қала дәмханаларының алдынан өтіп бара жатып, онымен бұрын бірге тұрған ер азамат күш көрсетіп, сөмкесін иемденіп алғанын хабарлаған. Сөмкеде жеке куәлік, несие картасы, кілттер жиынтығы және ақша қаражаты болғанын хабарлады. Шығын 90 мың теңгені құрады.
«Қыран-51» ПА нарядымен «ізін суытпай» 35 жастағы ер адамды ұстап, полиция бөліміне жеткізді. Қазігі уақытта қылмысқа бару себептері анықталуда.
Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 389-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.