Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда қалалық пробация есебіндегі 38 адам қоғамдық жұмыстарға тартылды

Жыл басынан Қызылорда қалалық пробация есебіндегі 38 адам қоғамдық жұмыстарға тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазіргі таңда Қызылорда қалалық пробация есебінде 16 азамат қоғамдық жұмыстар атқару арқылы жазаларын өтеуде. Олардың көбісі есірткіні заңсыз сақтағаны үшін жазаға тартылғандар. Сот үкімімен оларға 10 сағаттан 100 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарды орындау міндеттелген.

Солардың бірі, Қызылорда қаласының тұрғыны С.есімді азаматты полиция қызметкерлері тексеру барысында оның киімінің қалтасынан өзіндік иісі бар кептірілген есірткі заты табылып, оны өткізу мақсатында өзімен бірге алып жүрген.
Сот үкімімен ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабының 2-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған  80 сағат қоғамдық жұмыстарға тарту жазасы тағайындалды. Сәуір айында пробация қызметіне есепке алынып, сотталған С.-ға пробация қызметкерлері жаза өтеу тәртібі мен сот жүктеген міндеттерді толық түсіндірді. Қазір бұл азамат Қызылжарма ауылдық округі әкімінің өкімімен белгілеген қоғамдық орындарда абаттандыру, көшелерді тазалау сынды жұмыстарды атқарып жүр.

– Қоғамдық жұмысқа тартылған азаматтар жұмысын тиянақты, уақытылы, күнделікті күніне төрт сағат көшені тазалау жұмыстарын атқарып жүр. Сот үкімімен белгілеген жазаларын толық өтеген соң, пробация есебінен шығарылады. Жыл басынан 38 азаматқа қоғамдық жұмыс түріндегі жаза тағайындалса, оның жартысынан көбісі жазаларын толық өтеп, есептен шығарылды, – деді қалалық пробация қызметінің бастығы Б.Наурызбаев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру