Өскеменде кезекті есірткі қойып кетуші ұсталды
Өскеменде кезекті есірткі қойып кетуші ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ағымдағы жылдың қараша айында «Рефлекс-2021» жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының жедел қызметкерлеріне облыс орталығының 32 жастағы тұрғыны синтетикалық есірткі құралдарын қойып кетуарқылы заңсыз өткізумен айналысатыны туралы ақпарат келіп түсті.Тексеруді бастағаннан кейін, ақпарат өзінің растауын тапты. «Ізін суытпай» аталған азамат ұсталды. Жеке тінту барысында оның киген күртешенің қалтасынан изолентамен оралған ұнтақ тәрізді зат пен түйіршіктері бар 28 полимерлі түйіншек табылып, тәркіленді. Олар сараптама қорытындысына сәйкес жалпы салмағы 15,07 грамм «Альфа-PVP» психотроптық заты болып табылады.
– Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды, ҚР ҚК-нің 297 – бабы 3-бөлігіне сәйкес аса ірі мөлшерде есірткі заттарын өткізу мақсатында заңсыз сақтау, тасымалдау бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, – деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев.
Осы баптың санкциясы 10 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді.