Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда 28 жастағы әйел алаяқтық әрекеттері үшін ұсталды

Алматыда 28 жастағы әйел алаяқтық әрекеттері үшін ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

М.есімді азаматша мессенджерлердің бірінде киім-кешек сататын топ құрып, онда ерлер, әйелдер және балалар киімдерін арзандаған бағамен сату туралы ұсыныстарын орналастырды.

– Қасқөй келесі тізбек бойынша әрекет етті: мессенджерге қолында жоқ өнімнің суреттерін орналастыру арқылы ол сатып алушыларға өнімді алғанға дейін алдын ала төлемді немесе оның толық құнын банктік аударым арқылы жасауды ұсынды. Сатушының еліктіргіш ұсынысына қызыққан сатып алушылар көрсетілген банк шотына ақша аударған, содан кейін алаяқ олармен байланысын тоқтатып, абоненттік нөмірлерін бұғаттаған. Сатып алынған тауарларын күтпей, алаяқтық әрекеттердің құрбанына айналғанын түсінген жәбірленушілер полицияға жүгінді, – деді Бостандық аудандық Полиция басқармасы жанындағы полиция бөлімінің бастығы Ғалымжан Қасымбаев.

Осылайша, қазан айында Н.есімді азаматшадан екі апта бұрын осы топқа 154 мың теңгеге киім-кешекке тапсырыс бергені жайында жазылған арыз келіп түсті. Әйелдің айтуынша, ол өзі аударған ақшасын қайтарып алуға әрекет жасаған, бірақ еш нәтиже шықпаған.

– Бүгінгі күні біздің бөлімшеде жәбірленушілердер келіп түскен осыған ұқсас алты арыз тіркелді, олар да киім-кешек үшін алдын ала төлем жасап, тауарды алмаған. Бір тапсырыстың құны 90-нан 160 мың теңгеге дейін болды. Қылмыстық іс ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігінің 4-тармағына сәйкес тергелуде. Жауап алу кезінде әйел өз кінәсін мойындап, еш жерде жұмыс істемейтінін, ұрланған ақшаны жеке қажеттіліктеріне жұмсағанын түсіндірді. Айтпақшы, М.есімді азаматша бұрындары осыған ұқсас қылмыстары үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Қылмыстық іс аясында қажетті процессуалдық әрекеттер жүргізіліп, күдіктінің осыған ұқсас заңсыз әрекеттерге қатысы бар-жоғы анықталуда, – деді Ғалымжан Қасымбаев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру