Өскеменде көлік басқару құқығынан айырылған мас жүргізуші ұсталды
Өскеменде көлік басқару құқығынан айырылған мас жүргізуші ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Наурыз айының ортасында таңғы сағат 05:00 шамасында патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Пушкин көшесімен қозғалып келе жатқан облыс орталығының 25 жастағы тұрғынының басқаруымен Toyota автокөлігін тоқтатты, ол куәландыру актісіне сәйкес «жеңіл дәрежелі» мас күйінде болған. Сондай-ақ, ұсталған азаматтың 2019 жылы көлік құралын басқару құқығынан 5 жыл мерзімге айырылғандығы анықталды.
Жүргізуші қамауға алынды, көлік арнайы автотұраққа қойылды.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 346-бабының 1-бөлігі (Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды,
Осы баптың санкциясы 5 жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді.