Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Өскеменде көлік басқару құқығынан айырылған мас жүргізуші ұсталды

Өскеменде көлік басқару құқығынан айырылған мас жүргізуші ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Наурыз айының ортасында таңғы сағат 05:00 шамасында патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Пушкин көшесімен қозғалып келе жатқан облыс орталығының 25 жастағы тұрғынының басқаруымен Toyota автокөлігін тоқтатты, ол куәландыру актісіне сәйкес “жеңіл дәрежелі” мас күйінде болған. Сондай-ақ, ұсталған азаматтың 2019 жылы көлік құралын басқару құқығынан 5 жыл мерзімге айырылғандығы анықталды.

Жүргізуші қамауға алынды, көлік арнайы автотұраққа қойылды.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 346-бабының 1-бөлігі (Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды,

Осы баптың санкциясы 5 жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру