Өскеменде көлік басқару құқығынан айырылған мас жүргізуші ұсталды
Өскеменде көлік басқару құқығынан айырылған мас жүргізуші ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Өскемен қаласы бойынша патрульдеу кезінде Славский атындағы жағалауда 29 жастағы қала тұрғынының басқаруындағы Audi автокөлігін тоқтатқан.
Әңгімелесу барысында тәртіп сақшылары жүргізушіден алкогольдің иісі шыққанын байқаған.
Сараптама қорытындысына сәйкес, ер адам орта дәрежедегі масаң күйде болған. Сонымен қатар тексеру барысында қаскөй 2019 жылы ағымдағы жылдың 25 желтоқсанына дейін көлік құралын басқару құқығынан айырылғаны анықталды.
Жүргізуші полицияның қамауына алынды, ал көлік айыппұл тұрағына қойылды.
Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты ҚР ҚК-нің 346-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
Құқық бұзушыға бес жылға дейін шектеу немесе бас бостандығынан айыру қаупі төніп тұр.